Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Красноярскідегі бокс кешінде жекпе-жек өткізеді

915

Айдос Ербосынұлының қарсыласы әзірге белгісіз, ал Нұрсұлтан Жаңабаев венесуэлалық Эрнесто Эспанамен кездеседі.

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Красноярскідегі бокс кешінде жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Айдос 21 желтоқсан күні Красноярск қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсыласы әлі белгісіз. 

Осы кеште жартылай орта салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев та (8-0, 5 КО) кездесу өткізеді. Оның қарсыласы – венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу