Қазақстандық кәсіпорындар салықтан босатылмаған

1074

Қазақстандық кәсіпорындар салықтан босатылмаған

Қазақстандық кәсіпорындар мен шет елдік инвесторлардың арасында өткізілетін тендердің талаптары тең емес. Осы жөнінде бүгін сала мамандары "Қазақстан машина жасаушыларының" 5 - ші форумында айтты. Мәселен, инвесторлар үшін Қазақстаннан тауар сатып алғаннан гөрі сыртқа тасымалдаған тиімді. Себебі олар импорттық баж және қосымша құн салығынан босатылған. Ал қазақстандық кәсіпорындар үшін мұндай жағдай қарастырылмаған. Сол себепті, сыртқа тасымалданатын тауарды 20-25 пайызға қымбатқа сатуға тура келеді. Сондай-ақ, сала мамандары мұнай газ саласындағы машина жасау ісінде кездесетін кедергілерге де тоқталды.

Нұрлан Жұмағұлов Мұнай-сервистік компаниялар одағының атқарушы директоры: "Қазіргі таңда кейбір қытай компаниялары отандық тауарды алмау үшін біраз шектеулер қояды. Мысалы ең көп сатып алынатын тауар ол құбырлар болып есептеледі. Қазақстанда бірнеше құбыр шығаратын зауыттар бар. Бірақ қытай компаниялары өзлерінің лицензиясымен "Апекс" деген талап етеді. Мысалы қазақстанда ондай лицензия жоқ. Ол лицензияны алу үшін қаражат керек. Бірақ қазақстандық тауарлар сол деңгейде құбырлар шығара алады. Олардың айтуы бойынша егер бұл шектеулер алып тасталса, сол сатып жатқан құбырларды екі есе төмен бағамен сата алатын еді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу