Қазақстандық кәсіпорындар шығарған тауарлар 0,9%-ға қымбаттады

900

Әсіресе өңдеуші салада бағаның жоғарылағаны байқалады. 

Қазақстандық кәсіпорындар шығарған тауарлар 0,9%-ға қымбаттады

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында отандық өндірістік кәсіпорындар шығаратын тауарлардың жалпы құны 0,9%-ға жоғарылаған. Әсірісе бағаның қымбаттауы өңдеуші салада байқалады (4,9%). Ал тау-кен өндірісінде керісінше көрсеткіштер 1,4%-ға төмендеген. 

Жалпы жыл басынан бері мазут – 21,3%, көмір – 10,3%, металл рудалары – 4,1%, табиғи газ –1%, дизель отыны 0,9% қымбаттады. Ал жанар-жағармай бағасы – 8,1%-ға, пропан мен бутан – 4,2%, мұнай бағасы 2,3%-ға төмендеді. 

Бұдан бөлек, асыл металлдардың бағасы 28,6%-ға жоғарылаған. Атап айтсақ қорғасын –  17,8%-ға, қара металл 6,4%-ға қымбаттаған. Ал алюминий –  6,8%-ға, ферро қорытпалар 4,8%-ға арзандады. 

Сондай-ақ қарабидай ұны – 48,5%, бидай – 28,1%, күріш – 19,6%, нан – 10,9%, ет – 10,4%, құс еті – 3,6%, сүт өнімдері – 6,7%, өсімдік майы – 3,4%, шай 3,1%-ға жоғарылады. Бұл ретте қанттың бағасы керісінше 0,8%-ға төмендеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу