Қазақстандық кәсіпорындар жұмыскерлерге 1,7 млрд теңге қарыз

1055

Қазақстандағы 175 кәсіпорын 10 мың жұмыскерге 1,7 млрд теңгеге жуық жалақыны төлемеген. 

Қазақстандық кәсіпорындар жұмыскерлерге 1,7 млрд теңге қарыз Фото: azattyq-ruhy.kz

Жұмыс берушілердің бұл заң бұзушылығы еңбек инспекторларының тексерісі кезінде анықталған  деп жазады inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратта кәсіпорын басшыларына 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам айыппұл салынғаны жазылған.

Бүгінде қызметкерлерін сан соқтырып, еңбекақысын төлемеген жұмыс берушілердің жартысынан көбі қарызын өтеп үлгерген.

"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді" - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу