Қазақстандық кәсіпорындардың табыстылығы төмендеді

461

Кәсіпорындар кірістілігі 20,1% құрады, бұл 2020 жылдың төртінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қазақстандық кәсіпорындардың табыстылығы төмендеді Фото: yandex.kz

Ұлттық статистика мәліметі бойынша 2022 жылдың IVтоқсанында кәміпорындардың салық алдындағы жалпы пайдасы 4,3 триллион теңгеден сәл ғана асты. Бұл II және III тоқсандармен салыстырғанда 14 пайызға аз.

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюроның DATA HUB Telegram арнасы жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ретте кірістілік 20,1% құрады, бұл 2020 жылдың төртінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Ең жоғары табыс кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 42,9%. Екінші орында тау-кен өнеркәсібі (40,7%). Одан кейінгі орында жылжымайтын мүлікпен операциялар (24,4%), ауыл шаруашылығы (23,4%) және энергетика (22%).

Ал бизнес жасау тиімді өңірлерге келсек, ол Түркістан облысында. Мұнда орта және ірі бизнестің табыстылығы 113,4% құрады. Екінші орында Атырау облысы – 64,6%. Жаңадан құрылған Ұлытау (-9,7%) және Жетісу (-4,3%) облыстары бизнеске ең тиімсіз өңірлер болып шықты, ал Қарағанды ​​(2,8%) және Шығыс Қазақстанда (1,7%) жағдай біршама жақсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу