Қазақстандық қажыларға квота бөлу, қажылықты ұйымдастыру мәселелері талқыланды

820

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Корольдіктің Қажылық және умра істері жөніндегі министрі Тауфик бен Фаузан Ар-Рабиямен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық қажыларға квота бөлу, қажылықты ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Кездесу барысында тараптар алдағы қажылық маусымына қатысты бірқатар сұрақтарды, соның ішінде қазақстандық қажыларға квота бөлу, қажылықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Министр умра мен қажылықты ұйымдастыру ережелеріндегі соңғы өзгерістер жөнінде, сондай-ақ коронавирусқа байланысты қажылық орындарында енгізілген арнайы талаптар туралы хабарлады.

Өз кезегінде, Елші Б. Арын Сауд Арабиясының Үкіметіне Қазақстан азаматтарына қажылық жасау үшін Корольдік аумағында болу кезінде әрдәйім бөліп жүрген көңілі және көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы қажылық маусымының ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін САК Қажылық және умра министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері арасында жақын арада келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу