Аталған жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм – "ҚазССР-нің алғашқы мерейтойы" түсірілді. Төрт жылдан кейін Алматы қаласында алғашқы киностудия құрылды. Ол "Востокфильм" Бүкілресейлік трестінің өндірістік бөлімі еді. Зертхана, акт залы, монтаждау, мультипликациялық және жазба түсіру цехы салынды. Бөлімше "Соңғы хабарлар" деген жалпы атаумен дербес бірнеше хроникалы киножурнал шығарды. "Ауылдардағы кооперация", "Жаңа астана" (Алматы туралы), "Қызыл Әскер", "Жайлауда" деректі фильмдері және ТүркСіб құрылысы жайлы екі фильм түсірілді.
1934 жылы Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылды. "Советтік Қазақстан" киножурналы мен деректі фильмдер тұрақты түрде шығарыла басталды. Мәскеуде ең жақсы кеңес фильмдерін қазақ тіліне дубляждау қолға алынды.
Бұл рейтингте оқырмандарымызға ең жақсы қазақстандық фильмдерді, сериалдарды, режиссерлер мен актерлерді таңдауды ұсынамыз