Қазақстандық кинооператор "Оскар" киноакадемиясының мүшесі атанды

367

Өнер иесі академиядан келген шақырту хатын жариялады. 

Қазақстандық кинооператор "Оскар" киноакадемиясының мүшесі атанды Фото: kinopoisk.ru

Қазақстандық кинооператор Еркінбек Птыралиев АҚШ-тың "Оскар" кино өнері және ғылымы академиясының тұрақты мүшесі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Өнер иесі академиядан келген шақырту хатын жариялады.

"Құрметті Еркінбек, сізді Академия мүшелігімен құттықтаймыз! Сіз қазан айынан бастап тұрақты мүшелік жарнаңызды төлеп, дауыс бере аласыз”, – делінген академияның хатында.

Еркінбек Птыралиев кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтетінін атап өтті.

"Бұл Мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігіне ризамын", – делінген кинооператордың жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу