Қазақстандық "классиктер" Азия чемпионатын 3-орынмен аяқтады

783

Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. 

Қазақстандық "классиктер" Азия чемпионатын 3-орынмен аяқтады

Қазақстан командасы жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бақтияр Байсейітов жаттықтыратын грек-рим күресінен Қазақстан командасы құрлық додасынан бес медаль жеңіп алды. Жалпы есепте 136 ұпаймен үздік үштікке енген. 

Азия чемпионатында 190 ұпай жинаған Иран құрамасы көш бастады. Екінші орында 146 ұпаймен Өзбекстан құрамасы орналасқан.

Қазақстандық балуандардың нәтижесі:

55 келі: Хорлан Жақанша – қола;

60 келі: Айдос Сұлтанғали – 5-орын;

63 келі: Ернұр Фидахметов – 5-орын;

67 келі: Әділхан Сатаев – 7-орын;

72 келі: Ибрагим Мамадов – күміс

 77 келі: Тамерлан Шадукаев – алтын;

82 келі: Евгений Поливадов – 5-орын;

87 келі: Азамат Күстібаев – қола;

97 келі: Әлімхан Сыздықов – 8-орын;

130 келі: Мансур Шадукаев – қола;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу