Қазақстандық клубқа ауысып келген африкалық футболшы қашып кетті

2500

Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз.

Қазақстандық клубқа ауысып келген африкалық футболшы қашып кетті Фото: sports.kz

Семейлік "Елімай" футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап.

"Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли "Елімайға" келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақ үйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз", - делінген аталған хабарламада.

Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы "Челсидің" екі шәкірті "Ақтөбе" клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу