Қазақстандық көліктер шетелге жиі сатыла бастады

862

Кейбір елдерге біздің машиналардың жеткізілімі екі  есе артқан. 

Қазақстандық көліктер шетелге жиі сатыла бастады

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан бір жыл бұрынғыға қарағанда үш есе артық автомобиль экспорттады. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығы хабарлады.

Ведомство ақпаратына сәйкес, егер 2019 жылдың 10 айында шетелге 1,9 мың көлік жеткізілсе, биыл бұл көрсеткіш 6 мыңнан асқан.

Автокөліктердің көп бөлігі Өзбекстанға - 3,1 мың (+ 1872%) және Ресейге - 2,8 мың (+ 64%) экспортталды. Сонымен қатар, Қырғызстанға 59 автомобиль (+ 228%), ал Беларуссияға - 55 автомобиль (+ 129%) алған.

Ақшаға шаққанда көрсеткіш шамамен 5 есеге өсіп, 40,3 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын экспортталған автомобильдер 8,1 млрд теңге болған.

Елдер бойынша қарайтын болсақ,  Өзбекстанға экспорт 28,8 млрд теңгені (+ 2518%), Ресейге - 11 млрд теңгені (+ 61,8%), Беларуссия - 226,3 млн теңгені (+ 30%), Қырғызстанға - 217,1 млн теңгені (+ 234%) құрады.

"10 айдың қарқынына сәйкес, 2020 жылдың соңына қарай 7 мыңнан астам қазақстандық өндірістің автомобильдері экспортталуы мүмкін", - деп болжайды ҚАБҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу