Қазақстандық команда "Джип-спринт" халықаралық сайысында екінші орын иеленді. Өзбекстанда өткен авто-жарысқа Орталық Азияның 4 елінен 70-ке жуық шабандоз қатысты.
Бұл аламанда спорттан гөрі туризмге басымдық берілген. Өйткені шара елдің табиғаты ең көркем жерлерінде ұйымдастырылады.
Осы арқылы Өзбекстан билігі Авто-туризмді дамытпақ. Басты назар Орталық Азия елдерінен келушілерге қойылған.
Оған географиялық орналасу мен қаржылай факторлар себеп. Мәселен былтыр Өзбекстанда демалғандардың басым көпшілігі көршілес елдердің азаматтары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу