Қазақстандық команда үстел теннисінен Ресей суперлигасында алда келеді

1066

Қазақстан әйелдер командасы сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетті.

Қазақстандық команда үстел теннисінен Ресей суперлигасында алда келеді

Қазанда үстел теннисінен Ресей федерациясы командалық біріншілігінің алғашқы тур ойындары артта қалды. Суперлигада Қазақстан әйелдер командасы 18 қатысушы клуб ішінінен алға суырылып шықты, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Сарвиноз Мирқадырова, Зауреш Ақашева, Анель Бахыт және Ангелина Романовская бар ТTC "Astana" командасы сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, 15 ұпаймен көш басына шықты.

Екінші және үшінші орынға 14 ұпай жинаған "Казаночка" (Қазан) және "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) командалары орналасқан. 

Ерлер арасында 12 команда бақ сынап жатыр. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров және Эрик Райтерден жасақталған "TT Club Karaganda" клубы 9 ұпаймен екінші сатыда келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу