Қазақстандық командалар дрон-футболдан халықаралық турнирде үздік атанды

255

​Қазақстандық командалар Корея Республикасында өткен FIDA Intercontinental Cup 2026 халықаралық дрон-футбол турнирінде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық командалар дрон-футболдан халықаралық турнирде үздік атанды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

15–17 шілде аралығында өткен додаға әлемнің 20-дан астам елінен 60-тан астам команда қатысты. Қазақстан намысын бұл жарыста алты команда қорғады. Олардың қатарында Class 20 және Class 40 санаттарындағы ұлттық құрамалар, сондай-ақ Class 20 санатындағы төрт клубтық команда болды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның Class 40 санатындағы ұлттық құрамасы 6-орынды, ал Class 20 санатындағы ұлттық құрамасы 7-орынды иеленді. Бұдан бөлек, Class 20 санатындағы қазақстандық клубтық командалардың бірі жалпы есепте үздік ондыққа енді.

Жарыстағы жоғары нәтижелері, спорттық шеберлігі және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның барлық командасы International Excellence Award халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Соңғы жылдары Қазақстанда дрон-футбол қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрі бойынша қазақстандық командалардың халықаралық жарыстардағы жетістіктері елімізде жоғары технологиялық спортты дамыту, спортшыларды даярлау және жастардың инженерлік әрі цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетіп отыр.

Мамандардың айтуынша, FIDA Intercontinental Cup 2026 турнирінің қорытындысы қазақстандық спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін және елімізде дрон-футболдың тұрақты дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу