Сағат шығарумен айналысатын қазақстандық OTAN компаниясы құны 1 биткоин тұратын "Биткоин" сағатын сатылымға шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Айта кетейік, 31 қазан күні криптовалютаның құны 6126 АҚШ доллары немесе 2 046 084 теңге болды. Осылайша жалғыз данасы шыққан сағаттың құны 1 биткоин яғни 2 046 084 теңгені құрап отыр. Бұл отандық сағат өндірісіндегі ең қымбат баға. Компанияның негізін салушы Арман Тоқсанбаевтың БАҚ-на айтуынша, құнына қарамастан сағатты алуға ниет білдірген бірнеше кәсіпкер бар.
Сағаттың механизмі швейцариялық, қалғаны толықтай отандық шеберлердің қолынан шыққан.
Арман Тоқсанбаевтың айтуынша ол аладғы уақытта биткойн сериясымен сағат шығаруды жалғастырмақ. Сағаттарда биткоин сағат механизмнің ішіне орналастырылады. Бұл криптовалюта құны өскен сайын сағат құнының автоматты түрде өсуіне мүмкіндік береді.