Енді тауарды бір нүктеден келесіге жеткізу кезінде мейілінше қаржы да уақытта үнемделмек! Сонымен қатар азаматтардың керек затты қанша уақытта және қай бағытпен жүретінін тікелей бақылып отыруға мүмкіндіктері бар. Осы ретте Қазақстанда арнайы компания өздерінің сандық жүйелерін іске қосқан. Екіжақты тұтынушы да осы жүйеге қосылып, тауар тасымалдаудағы оңай бағыттарды таңдап, ақшаларын үнемдеп отырмақ.
Тауар тасымалының тиімді тұстарын ұсынып отырған компания, әзірге Қазақстан және Ресей нарығында ғана жұмыс істейді. Болашақта ТМД елдеріне шығу жоспарда бар дейді компания өкілдері. Айта кетейік, соңғы 8 жылда елімздегі тауар тасымалы жалпы есепте 1,5 есе көбейген. Ал тапсырыстарды тас жолмен жеткізу 2,5 есеге дейін артыпты. Барлық тауар тасымалының 60-65 пайызы темір жол арқылы жүзеге асырылса, 30 пайызы көлік логистикасына тиесілі.
Бауыржан Рүстемов, "Relog" компаниясының бас директоры:
"Біз курьерлік, логистикалық , дистрибьютерлік компанияларға өздерінің көліктерін, уақыттарын, және бағыттарын дұрыс таңдауға мүмкіндік береміз. Қазір ірі компаниялар қолдағы барын дұрыс қолданбай жатады. Ал біз оларға осы мәселені оңай шешіп бердік. Яғни сандық жүйені жүктеп алып, шығатын шығындарын 55 пайызға дейін азайтамыз".