Қазақстандық компаниялар ағымдағы шоттарын доллармен ұстауға құштар

768

Заңды тұлғалар шотындағы ақшаның 54,3%-ын шетелдік валютамен сақтап отыр.

Қазақстандық компаниялар ағымдағы шоттарын доллармен ұстауға құштар

Ranking.kz сайтының жазғанына сенсек, отандық компаниялардың екінші деңгейлі банктердегі ағымдық шотына салған ақшасы бір жылда 13,2% артқан. 

"Кейінгі 5 жылда заңды тұлғалардың ағымдағы шотындағы қаражаты жыл сайын шамамен 10% артып келеді. Биыл бұл өсім 13,2% болып отыр. Жыл аяғында аталмыш сома 4,3 трлн теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 3,8 трлн теңге болған. Бұл шот арқылы заңды тұлғалар айлық төлеу, ғимараттың арендасын өтеу, есеп айырысу сияқты операцияларды жүзеге асырады. Аталмыш шоттағы ақшаның 54,3%-ы шетедік валютамен салынған. Ал теңгемен 2 трлн теңге салған", – деп жазады Ranking.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу