Украинаға тыңайтқыш экспортын жалғасады – министрлік

730

Украина – Қазфосфат" ЖШС және "ҚазАзот" АҚ үшін негізгі өткізу нарықтарының бірі.

Украинаға тыңайтқыш экспортын жалғасады – министрлік

Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілер өнімдерін Украинаға экспорттауды жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Украина нарығы "Қазфосфат" ЖШС және "ҚазАзот" АҚ қазақстандық компаниялары өндіретін тыңайтқыштарға арналған негізгі өткізу нарықтарының бірі. Қазақстанның Украинаға орташа жылдық экспорты шамамен – 110 мың тонна (41 млн АҚШ доллары).

Министрлік қазақстандық зауыттардың мүдделерін қорғап, Украинаның уәкілетті органымен тығыз ынтымақтастық орнатудың арқасында, отандық кәсіпорындардың дәстүрлі нарығы сақталып қалды дейді.

"Қазақстандық сауда министрлігінің бастамасымен қазақстандық тыңайтқыштар үшін квоталар беру немесе қазақстандық тауарды шара қолданысынан шығару мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Украинаның уәкілетті органының шешімін сот тәртібімен даулау мүмкіндігін жоққа шығармады. Алайда, Украина саласындағы келтірілген дәлелдер мен жағдай өз күшін алып, қорғау шаралары нәтижесінде қабылданған жоқ",– деп жазылға ведомство таратқан хабарламада.

Осылайша қазақстандық компаниялар дәстүрлі өткізу нарығына экспортты жалғастыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу