Қазақстандық компаниялар жол құрылысы жұмыстарында басымдыққа ие болады

380

Халықаралық қаржы институттары тендерлік талаптарды қайта қарады.  

Қазақстандық компаниялар жол құрылысы жұмыстарында басымдыққа ие болады Фото: gov.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, былтыр 12 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Осы жылы құрылыс жұмыстары өткен жылдың деңгейінен жоғары, яғни 13 мың шақырым. Оның ішінде 9 мың 500 шақырымға арналған жобалар қаржыландырумен толық қамтамасыз етілген. Қалған 3 мың 600 шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен пысықталуда.

"Бұл "Жезқазған – Қарағанды", "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Атырау – Доссор" жаңа жобалары, Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларының айналма жолдары және жалпы ұзындығы 3 мың 600 шақырымды қамтитын жөндеу жұмыстары. Қазіргі уақытта Халықаралық қаржы институттарымен осы жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді. Әрбір жоба бойынша Координациялық кеңестің шешімімен қаржыландыру көздері анықталды, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді, және Халықаралық қаржы институттарының шарттарына сәйкес мердігер ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде", - деді Марат Қарабаев.

Ведомство басшысы құрылыс жұмыстарына қазақстандық мердігер компанияларды тарту мақсатында халықаралық қаржы институттары тендерлік талаптарды қайта қарағаны, отандық компанияларға қатысу барысында преференциялар беру қарастырған.

"Қабылданған шаралар конкурстарға қатысушы отандық компаниялар санын арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, "Қарағанды – Жезқазған" жобасы бойынша жергілікті компаниялар саны 10-ға жетті, ал бұрын талаптар өзгертілгенге дейін бұл көрсеткіш 2-ден аспаған. Жоғарыда аталған барлық жобалар бойынша осы жылдың екінші тоқсанында мердігер ұйымдар анықталатын болады", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу