Қазақстандық компаниялардың 93 пайызы кибершабуылға ұшыраған

951

Қазақстандық компаниялардың 93 пайызы кибершабуылға ұшыраған

Әлемде ақпараттық технологиялар тегеуріні артып, инновациялық жобалар көбейген сайын олардың қауіпсіздігі де ұлтты алаңдатады, деп хабарлайды khabar.kz.
Мысалы, соңғы жүргізілген зерттеулерге сәйкес үш жыл бұрын қазақстандық компаниялардың 93%-ы сыртқы кибершабуылға ұшыраған. Сонымен бірге ұйымдар мен мекемелердің және компаниялардың 81%-ына ішкі кибершабуыл жасалған. Салдарынан ақпараттық қауіпсіздікке нұқсан келген. 
Осы өзекті мәселені бүгін Алматыда сала мамандары жан-жақты талқылады. Ғаламтормен жұмыс істегенде, жаңа бағдарлама әзірлегенде қандай қауіпсіздік қағидаттарына сүйену керектігі айтылды.
"Техникалық мүмкіндіктер көп. Антивирус құралдары қауіпті нысандарды анықтайды. Бірақ соған қарамастан кибершабуылдар азаймай отыр. Кейбіріне төтеп беру өте қиын. Дегенмен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау үшін мамандар жұмыс істеп жатқанын көреміз", - дейді  ақпараттық қауіпсіздік маманы Анатолий Пудель.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу