Қазақстандық конькиші командаласының қателігінен жүлдесіз қалды

1198

Лозаннада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық Алина Дауранова күміс жүлдеден қағылды.  

Қазақстандық конькиші командаласының қателігінен жүлдесіз қалды

Конькимен жүгіруден сынға түскен ол командаласының қателігінен жүлдегерлер тізіміне енген жоқ деп жазады Olympic.kz. 

Спортшылар аралас командалық сында қысқа қашықтыққа жарысудан бақ сынаған болатын. Ол колумбиялық Диего Амая, қытайлық Живен Ксю және Беларусь өкілі Карина Шипулямен бір топтың намысын қорғаған. 

Жарыс қорытындысы бойынша Алина Дауранованың командасы екінші орынға тұрақтады. Алайда, колумбиялық спортшының қателігінен команда жарыстан шеттетілді.

Командалық спринт өте қиын және салыстырмалы түрде алатын болсақ жаңа бағдарлама саналады. Бұл бәсекеде жас спортшылар ғана емес, әлем кубоктерінде сынға түсетін тәжірибелі конькишілер де қателік жібереді. 

"Конькишілер жақсы нәтиже көрсетті. Әр спортшы жеңіс үшін тырысып бақты. Алина өз айналымын жоғары деңгейде жүгіріп өтті. Бірақ колумбиялық спортшы уақытынан бұрын командаласын алмастырған", – дейді бапкер Татьяна Михалева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу