Қазақстандық конструкторлар халықаралық роботтар сайысына қатысты

1710

Қытайдан келген роботтар ең жылдам нәтиже көрсетті.

Қазақстандық конструкторлар халықаралық роботтар сайысына қатысты

Қазақстандық конструкторлар Ұланбатырда өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Моңғолияда халықаралық роботтар сайысы өтті. Он алты жұп жылдамдық, дәлдік және маневрлік қабілеттері бойынша жарысты.

Жарысқа Алматы халықаралық IT университетінің студенттері қатысты.

"Робокон-2019" сайысы қатысушыларды шагай монғол дәстүрлі ойынымен таныстырады. Қазақстанда оны асық ату деп атайды. Робот асықты алып, бір жерге лақтыру керек. Егер асық алшы түссе, онда команда 50 ұпай алады Бірінші шайқаста қазақстандық роботтар малайзиялықтардан мықты болды. Екіншісінде олар моңғолдықтарға жол берді. Бірақ алматылықтар нәтижеге риза. Жыл сайын олар өз машиналарының жұмысын жақсартып отырады.

Қытайдан келген роботтар ең жылдам болды. Олар жартылай финалға шықты. Бәрінен Гонконгтық машиналар үздік атанды. Екінші орында – Моңғолия. Бұл олардың жарыс тарихындағы ең үлкен жетістігі.

 "Робокон" келер жылы Фиджиде өтеді. Оған қазақстандықтар тағы да қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу