Қазақстандық контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына тоқтады

632

Қазақстандық контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына тоқтады

Көкшетаудан жіберілген алғашқы Баку-Тбилиси-Карс бағдарын жалғайтын контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына келіп тоқтады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Контейнерлік пойыз құрамында "ҚТЖ" ҰК" АҚ қарасты отыз 20 футтық контейнерлерге қапшықталған астық пен "ӘТЖ" ЖАҚ вагондарына тиелген жүктер бар. Жылжымалы құрам 5435 шақырымды он күнде басып өтті. Халықаралық бағдар Құрық порты паром кешені мен Каспий теңізі жағалауындағы Алят порты арқылы өтті. Сапар барысында вагондарды кең табанды рельстен тар табанды түріне алмастыру жаңа грузин-түрік шекаралық бекеті Ахалкалаки-Карста жасалды.

"Жобаны табысты жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың бірлескен қызметінің арқасында мүмкін болды. Оның ішінде теміржол, порт, теңіз көлігі әкімшілігі, логистикалық компаниялар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысушы мемлекеттердің көлік құрылымдары белсенділік көрсетті",-дейді "KTZ Express" АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры Алмат Кәрімов.

Алмат Кәрімовтің  айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс контейнерлік пойызын түрік портына жеткізумен "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – "KTZ Express" АҚ еншілес компаниясы ұйымдастырды. 

"Бұл бағдардың жылдық әлеуеті 10 миллион тонна жүк тасымалдауға жетеді деп бағаланып отыр. Таяу арада келесі жүк кезегі жөнелтіледі",- деді Алмат Кәрімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу