Малайзияның Куала-Лумпур қаласында көркем гимнастикадан жастар арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Алина Әділханова жастар арасындағы көпсайыста жеңімпаз атанды. Екінші орынды өзбекстандық Сабина Ташкенбаев иеленсе, оның отандасы Нуриниссо Усманова үздік үштікті қорытындылады, деп хабарлайды olympic.kz.
Топтық жаттығуда біздің қыздарымыз (Регина Султановна, Даяна Жақыпова, Анель Талғатбек, Джессика Будник және Жанерке Дәулетқұлова) екінші орын алды. Жеңіс жапониялық гимнасшыларға бұйырса, малайзиялық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.
Жасөспірімдер арасындағы топтық жаттығуда Қазақстан құрамасы (Аруана Садубаева, Балқыз Елшібек, Дильноза Мансұр, Ясмин Алиева, Дерия Тоқдемир) күміс жүлдегер атанды. Алтын медальді Қытай құрамасы иеленсе, Жапония командасы қола жүлдені қанағат тұтты.