Қазақстандық АҚШ-тың мемлекеттік сыйлығын алады

433

Бақытжан Төреғожина адам құқықтарын қорғау жолында ерен еңбегі үшін бұл мәртебеге лайықты деп танылған деп жазады inbusiness.kz. 

 Қазақстандық АҚШ-тың мемлекеттік сыйлығын алады Фото: astanatv.kz

Сыйлық лауреатқа адамның саяси құқықтары мен бостандықтарын жылдар бойы қорғағаны үшін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысушылар мен қаза болғандарды құжаттау бойынша атқарылған жұмыстары үшін беріледі. Бұл туралы Төреғожина Facebook парақшасында хабарлады.

 "Осы қасіреттің алғашқы күнінен бүгінгі күнге дейін тарих пен ұрпақ үшін осы жұмысты атқарып келе жатқан әріптестеріме алғыс айтқым келеді.  Куәгерлер мен жәбірленушілермен жүздеген сұхбаттар жазылып, мыңдаған құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдар жинақталған.  Біз бұл жұмысты ешкім болашақта тарихқа айла-шарғы жасамас үшін және осынау сұмдық күндерді халық шынайы қалпында жадында сақтау үшін жасадық", - деп жазды құқық қорғаушы.

 Қазір Төреғожина Вашингтонда. Марапаттау рәсімі 8 наурызда Ақ үйде өтеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу