Қазақстандық құны 500 млн теңге тұратын сайғақ мүйізін заңсыз жолмен Ресейге алып өтпек болған

1972

Алдын ала болжам бойынша тәркіленген мүйіздердің жалпы құны 439 млн 350 мың теңгеге бағалануда.

Қазақстандық құны 500 млн теңге тұратын сайғақ мүйізін заңсыз жолмен Ресейге алып өтпек болған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында контрабандалық жолмен сайғақ мүйізін елден алып шықпақ болған азаматтың жолы кесілді. 

"Жексенбі күні "Сырым авто" кеден бекетінің қызметкерлері 47 жасар Қазақстан азаматын тұтқындаған. Ол "Крайслер" авто көлігімен Орал қаласынан Самарға қарай жолға шыққан. Тұтқындалған азаматтың көлігінен екі шабадан сайғақ сүйізі табылды",– деді кеден қызметі мамандары. 

Ведомства баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, жалпы салмағы 120 келі 348 мүйіз тәркіленген. 

"Алдын ала болжам бойынша тәркіленген мүйіздердің жалпы құны 439 млн 350 мың теңгеге бағалануда",– деді ведомстваның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу