Қазақстандық курьерлер енді арнайы салық режимін қолдана алады

489

Жаңашылдық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстандық курьерлер енді арнайы салық режимін қолдана алады Фото: tengrinews.kz

Курьерлер "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдана алады, деп жазады inbusiness.kz. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР 2023 жылғы 20 наурыздағы Заңымен "e-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген.

"Салық кодексінің 686-2-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына енгізілген толықтыруларға сәйкес, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі қызмет түрлерінің тізбесі "пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу" қызмет түрімен толықтырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу