Қазақстандық құрылысшылардың өз AliExpress-і ашылады

1026

Қажетті құрылыс материалдарын делдалсыз сатып аулға болады. 

Қазақстандық құрылысшылардың өз AliExpress-і ашылады

Қазақстанның құрылыс нарығында құрылыс компаниялары мен өндірушілердің тікелей сауда жасауына жол ашатын онлайн платформа құрылмақ. "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаевтың айтуынша, бұл жоба бірінші кезекте баспана бағасын арзандатуға арналған. 

"Біз құрылыс матералдарының Мarketplace жүктемесін енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл – құрылыс компанияларының материалды ең тиімді бағамен сатып алуына арналған онлайн-платформа. Ал өндірушілер өнімдерін кедергісіз орналастыра алады. Жасанды зейін мен машиналық оқыту технологиялары құрылыстың әр кезеңінде тапсырыс берушілерге ең тиімді материал ұсынып отырады. Бағадан бөлек салынып жатқан нысанға ең жақын орналасқан локациялар туралы мәлімет те беріледі. Былтыр елдегі құрылыс материалдарының нарығын зерттеген болатынбыз. Кейбір позициялар бойынша импорттың үлесі 50%-дан асып кеткен. Бұл платформа келешекте жергілікті құрамның үлесін арттырады. Осының арқасында баспананың өзіндік құны да түсуі керек. Құрылыс комнаниялары онлайн платформаның көмегімен материал іздеуге кететін транзакциялық шығынын да азайтады. Ал материал өндірушілер Off-take келісімшарт арқылы ұзақ мерзімді тапсырыстарға қол жеткізеді", – деді "Бәйтерек деволопмент" өкілі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу