Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарын аяқтады

513

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарын аяқтады Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері тұрақты жұмыс орнына  оралуға дайындалуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару туралы шешім қабылданды.

"Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді", – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерді. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарына тексеру жүргізді.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу