Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекенінде қираған үйлерді тексерді

438

Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекенінде қираған үйлерді тексерді Фото: ТЖД

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ТЖД таратқан мәліметте қазақстандық құтқарушылар Наиброфи елді мекенінде 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектегені айтылады. "Бір қатармен" әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өткен. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тапты.

"Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан  Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді  бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ. Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті", – делінген хабарламада.

Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне және бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына бару үшін жолға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу