Қазақстандық құтқарушылар құрғақ шөпті сөндіру үшін тікұшақты пайдаланды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм арнасы хабарлады.

Қазақстандық құтқарушылар құрғақ шөпті сөндіру үшін тікұшақты пайдаланды Фото: Қазәуеорманқорғау

Тікұшаұқ өрт сөндіруге жету қиын таулы жерлерге қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы, "Шымбұлақ" тау шаңғы курортына теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте құрғақ шөп пен бұта өртеніп бастаған еді. 

– Өрт сөндіруге ТЖМ 50-ге жуық адам мен 12 бірлік техника, орман шаруашылығы, "Қазавиорманқорғау", ПД және ТЖМ "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды, – делінген жарияланған ақпаратта. 

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен Қазавиақұтқару ұшқыштардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен оқшауланып, сөндірілген. 

Бұған дейін Түркістандағы мұнай базасында өрт шыққанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу