Қазақстандық құтқарушылар Түркияда 4 адамды аман алып шықты

499

Жойқын жер сілкінісі болған жерде жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы Ибрагим Күлшімбаев айтты. 

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда 4 адамды аман алып шықты Фото: ҚР ТЖМ видеодан скриншот

Қазақстанның құтқарушылар тобы 9 ақпаннан бастап, Түркия Республикасының 3 қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Газиантеп қаласында, Нұрдағы елді-мекені мен Хатай провинциясында жүргізілген операция нәтижесінде 10 адамның мәйіті табылып, 4 адам үйінділер астынан аман-есен шығарылды.

"Құтқарушылар тәулік бойы, екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Керек құрал-жабдықтар жеткілікті. Жергілікті әкімшілік пен құтқару топтарымен үздіксіз байланыс орнаған", - деді ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу