Қазақстандық құтқарушылар Түркияға жетті

551

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратты негізге алып.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға жетті Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде", деп жазылған таратылған ақпаратта. 

ТЖМ мәліметі бойынша, қазақстандық құтқарушылардың иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу