Қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі елге оралады

862

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі Алматы қаласына ұшып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі елге оралады

Бүгін елімізден Түркияға кезекті арнайы борт барды. Қазір Газиантеп қаласының әуежайында жүктерді түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін керек-жарақтар зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарға жіберіледі.

Сонымен қоса, бұл рейспен төтенше жағдай аумағынан эвакуацияланғандар мен құтқарушылар тобының бірінші легі Қазақстанға аттанады.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, қазақстандық құтқарушылар жұмыс істеген уақытта үйінді астынан 8 адам тірі құтқарылып, қаза тапқан 80-нен астам жергілікті тұрғынның денесі табылған.

Апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ сол жақта оқитын қазақстандық студенттер де түрлі міндеттерге жұмылдырылған.

Түркия азаматтары еліміздің құтқарушыларына алғыс білдіруде. Ал жергілікті атқарушы органдар мен құтқару құрылымдарының қызметкерлері қазақстандық мамандардың дайындығы мен кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу