Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады

669

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берді.  

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады Фото: gov.kz

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Түркияға аттанады, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар. ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство басшысы Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында нұсқаулық өткізді.

Ақпаратқа сәйкес, Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушыладың тәжірибесі мол.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар беретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу