ҚР ТЖМ тобының Газиантеп және Нұрдағы қалаларда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда ТЖМ тобы Газиантеп және Нұрдағы қалаларда іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта 7 адам құтқарылды, 67 мәйіт шығарылды. 60-тан аса зардап шеккендер мен науқастарға медициналық көмек көрсетілді. Жылыту пунктерінде 200-ден астам адам орналасты", - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин.
Оның сөзінше, авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу