Қазақстандық қыз Антарктиданы жүзіп өтті

Отандасымыз "Қазақстанның темір ханымы" атанған спортшы.

Қазақстандық қыз Антарктиданы жүзіп өтті Фото: жэке мұрағаттан

Қазақстандық қыз әріптестерімен бірге 1,4 градустағы суық суда жүзген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анель Сытдықованың айтуынша, топта 13 жүзгіш және бір дәрігер болған. 

– Антарктидаға 10 қарашада Дрейк өткелі арқылы екі күн жүзгеннен кейін келдік. Халықаралық мұзда жүзу қауымдастығы ұйымдастырушысы және негізін қалаушы Рам Баркай бастаған топта Оңтүстік Африка, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Аустралия және Қазақстаннан келген 13 жүзгіш және бір дәрігер болды. Арамызда Ice Seven титулының иеленген үш адамның бірі Кейт Стилс пен Oceans Seven титулының иегері Линтон Мортенсен сияқты тұлғалар болды, – деді ол. 

Жүзгіштер Антарктидада болған 10 күннің бәрінде қимыл-қозғалыста болмаған. Оған себеп – күн райының қолайсыздығы мен кеме режимінің сай келмеуі. Әрі кемеде 150 жолаушының болуы да жағдайға әсер еткен. 

– Антарктидада жоспарланған қашықтық пен жылдамдыққа қарамастан, Антарктида рұқсат еткенше жүзесіз. - 1,4 градустағы суық суда жүзу, 35 км/сағ жел соғу, айсбергтер мен пингвиндерді тамашалау, бәрі-бірі қызық тәжірибе болды, – деп ағынан жарылды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу