Қазақстандық қыздар Ресейдегі консулдықтың көмегіне жүгінбеген – ҚР СІМ

1214

Қазақстандық қыздардың зорланғандығы туралы ақпарат, ең бірінші болып ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Қазақстандық қыздар Ресейдегі консулдықтың көмегіне жүгінбеген  – ҚР СІМ

Ресейде полицейлердің қазақстандық екі қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулдығы Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасына қылмыс туралы жазбаша ақпарат беруді сұрап, хат жолдады. Ал зардап шегушілердің өзі консулдықтың көмегіне жүгінбеген. Сондықтан олардың Қазақстан Республикасының азаматы екенін растап немесе жоққа шығару әлі мүмкін болмауда", – дейді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстандық қыздардың зорланғандығы туралы ақпарат, ең бірінші болып ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ондағы деректерге сүйенсек, қылмыс 18 тамызға қараған түні, яғни жексенбі күні автотұрақтардың қалтарысындағы қараусыз жерде орын алған. Кеш қарая саунадан шыққан қыздарды полиция тоқтатқан. Оларды тоқтатқан себебі де белгісіз. Интернет басылымдардың болжамынша, қыздар тән саудасымен айналысқан.

Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, полиция қыздарды көлікке отырғызып, оларды сол арада зорлаған. Осы қылмыс үстінде әріптестерін Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасының ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер күдіктілерді қамауға алу туралы Екатеринбургтің Ленин аудандық сотына шағым жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу