Қазақстандық лоукостер Чехияға рейстерді тоқтатты

678

Бұған себеп ұшу құнының өсуі. 

Қазақстандық лоукостер Чехияға рейстерді тоқтатты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы ұшу құнының өсуіне байланысты Чехияға бұрын қатынайды деп хабарланған рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Ақтау-Прага-Ақтау рейстерінің операциялық жағдайларға, оның ішінде ағымдағы әуе кеңістігі жағдайында Прагаға рейсті орындауға қажетті қосымша қашықтыққа байланысты шығындардың күтпеген ұлғаюы салдарынан тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз", – деп жазылған әуе компаниясының хабарламасында.

Бұрын FlyArystan 12 маусымнан бастап Ақтау-Прага-Ақтау бағыты бойынша рейстерді бастайды деп жоспарланған. 6 шілдеден бастап бейсенбі күндері екінші жиілікті қосу арқылы рейстер жексенбі күндері орындалатыны хабарланды.

FlyArystan – 2019 жылдың мамырында бірінші рейсі жүзеге асырылған Қазақстан мен Еуразиядағы алғашқы лоукостер. Бүгінгі таңда FlyArystan флотында 10 Airbus A320 ұшағы бар, олар Қазақстан бойынша және одан тыс жерлерде күн сайын 60-тан астам рейс жасайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу