Қазақстандық лоукостер жаңа рейстер ашпақ

528

Бағыттар 28 тамыздан бастап іске қосылады. 

Қазақстандық лоукостер жаңа рейстер ашпақ

"Еліміздің бюджеттік әуекомпаниясы ішкі әуетасымал нарығын дамытып, бүкіл Қазақстанның аймақтарын байланыстыру арқылы өзінің бағыттар кестесін кеңейтуде. Олардың көбі бұрын-соңды болмаған рейстер", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Бұрын аймақтарға рейстер Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалалары арқылы ғана ұшса, 28 тамыздан бастап келесі бағыттар бойынша тікелей рейстер қатынайды:  
1. Қарағанды – Шымкент – Қарағанды;
2. Қарағанды – Атырау – Қарағанды; 
3. Қарағанды -Ақтау- Қарағанды, 
4. Атырау – Қостанай – Атырау;
5. Атырау – Қызылорда – Атырау;
6. Шымкент – Қостанай – Шымкент; 
7. Шымкент – Өскемен – Шымкент;
8. Шымкент – Павлодар – Шымкент. 

"Атырау, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа аймақтық бағыттардың ашылуына байланысты, FlyArystan 2020 жылдың 28 тамызынан бастап орындалатын рейстерге 20% жеңілдік ұсынады. Билеттерді сату кезеңі – 5-7 тамыз аралығы", – деп хабарлады алғашқы отандық лоукостердің баспасөз қызметі. 

Жаңа бағыттар бойынша 180-орындық Airbus A320 ұшағы қатынайды. Сонымен қатар аталған рейс билеттерінің бағалары 3999 теңгеден басталады. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу