Қазақстандық мамандар АҚШ-та жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын меңгеріп жатыр

348

Барлық шығынды америкалық тарап өз мойнына алды.

Қазақстандық мамандар АҚШ-та жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын меңгеріп жатыр Фото: gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында қазақстандық гидрогеологтар АҚШ-тың жерасты суын басқару саласындағы озық тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу Бойсе қаласында өтті. Қазақстандық мамандар Айдахо штатының Су ресурстары ғылыми орталығы жанындағы жерасты суы оқу орталығының жұмысымен, жерасты суын мониторингтеу жүйелерімен, сондай-ақ жерасты су көздерін модельдеу және қорғау әдістерімен танысты.

Сонымен қатар гидрогеология және жерасты су ресурстарын басқару мәселелері бойынша ғылыми кездесулер, техникалық семинарлар мен тәжірибелік талқылаулар ұйымдастырылды. 

"Бұл тәжірибе отандық гидрогеология мамандарының біліктілігін арттыруға, жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын енгізуге және АҚШ сарапшыларымен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді", – деді "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі басқарма төрағасының орынбасары Даир Ибраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу