ҚР үкіметінің басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында салынып жатқан "Теңіз" кен орны үшінші буын зауытына барды. Ол "Теңізшевройл" ЖШС жүзеге асырып жатқан "Болашақ" кеңейту жобасы аясында салынып жатыр, деп хабарлайды primeminister.kz.
Зауытта жалпы құрылыс жұмыстары, жерасты коммуникациялары, резервуарлар монтажы жүргізіліп жатыр, 23 құрастырмалы модульдік эстакадалар орнатылған. Екі газтрубиналы генератор мен технологиялық модульді құрастыру сәтті аяқталды.
Зауыттың құрылыс алаңында 25 мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйым жұмыс істейді, 3300-ге жуық адам тартылған. Жоба 2022 жылы аяқталады.
Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР үкіметінің басшысы жергілікті қамтуды дамыту, мұнайгаз машинажасау, ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Асқар Мамин ірі жобалар операторларының сатып алуларында жергілікті қамту үлесі өсімді байқатып отырғанын атап өтті, бірақ, қазақстандық машина жасаушылардың өнімдері толыққанды пайдаланылмай отыр.
"Бұл жағдай пәрменді шараларды, оның ішінде жобалар операторлары тарапынан да қабылдауды талап етеді",– деді ҚР премьер-министрі.
Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі "АМӨЗ" ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенін, "АтырауМұнайМаш", "Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі" АЭА, "Полимер Продакшн", "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.", "Karabatan Utility Solutions", "Болашақ" мұнай және газ өңдеу зауытын, "Шеврон Мұнайгаз Инк.", түрлі маркалы оптикалық кабель шығаратын зауытты аралады.