Қазақстандық меценат студенттерге шәкіртақы тағайындады

1366

Ресейдің әр қаласында оқып жатқан 11 студент бір жыл бойы стипендия алатын болды.

Қазақстандық меценат студенттерге шәкіртақы тағайындады

Қазақстандық меценат Оралбек Ботбай Ресейдегі қазақстандық студенттерге стипендия бөледі, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл үшін арнайы байқау өткізіп, лайықты жастарды анықталды.

"Қазақстандағы жастар жылына" арналған кезекті шараға Ресейдегі қазақтар да қатысты. Іріктеу сайысын Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен "Жас Тұлпар" қазақстандық жастар бірлестігінің еріктілері өткізді. Финалға Ресейдің әр қаласында оқып жатқан 20 үміткер қатысып, нәтижесінде ақтық сынға өткен 11 студент бір жыл бойы стипендия алатын болды.

"Астана қаласында Гумилев атындағы университетінің –15 студентіне, Туран колледжінің – 12 студентіне, ауылшаруашылық университетінің студенттеріне өз қаражатымнан шәкіртақы дайындап келдім. Енді Мәскеу қаласында жалғасын тауып жатыр. Біздің жастарымыз патриот болып, еліміздің өсіп-өнуіне үлесін қосуға тиіс", – дейді меценат Оралбек Ботбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу