Қазақстандық медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі

408

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды. 

Қазақстандық медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі Фото: primeminister.kz

Мәселен, емханалар мен басқа да медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік беру тетіктері қаралды. Бұл, қандай да бір компанияның нарықта үстемдік етуінің техникалық мүмкіндіктерін  шектеуді білдіреді. Бүгінгі таңда медициналық мекемелердің таңдауы шектеулі, өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермеуге құқылы, бұл ауруханаларды сол жеткізушілермен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, eHealth мемлекеттік платформасын құру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны, оның шеңберінде қажетті медициналық мәліметтері бар пациенттер туралы бірыңғай дерекқор қалыптастыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу