ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының 36-дан 34 аптаға қысқаруына байланысты мектептердің алты күндік оқуға оралмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
25 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа оқу жылының 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталатынын хабарлады. Сондай-ақ, министрлік тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды.
Былтыр оқу жылын 1 маусымға дейін ұзартудың жақсы жағы – оқушылардың күнделікті жүктемесін азайтып, бес күндік оқуға толық көшу болды.
Биыл оқу-ағарту министрлігі 34 апталық оқу жылы болғанымен, алты күндік аптаға қайта оралмайтынын айтты.
"Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды. Мектептер Министрліктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығын басшылыққа алуы керек", - деп атап өтті департаментте.
Осы бұйрыққа сәйкес үш ауысымдық оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушылары көп орта білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленді.