Қазақстандық мектептерде ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы құрылуда

69

Бұған дейін мұндай ынталандыру халықаралық пәндік олимпиадалардан орын алған балалар үшін мүмкін болып келген еді.

Қазақстандық мектептерде ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы құрылуда Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес балалардың ерте жастан ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Меморандум аясында тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу процесіне ғылыми, инновациялық және цифрлық технологияларды, сонымен бірге жасанды интеллектіні енгізу, STEM бағыттарын дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға келісті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ғылымды дамытуға айрықша басымдық беріліп отыр. Бұл меморандум – болашақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыру жолындағы нақты қадам. Бүгінде ерте жастан ғылымға баулу мақсатында білім беру ұйымдарында STEM-зертханалар, заманауи пәндік кабинеттер мен түрлі шеберханалар арқылы зерттеу инфрақұрылымы қалыптастырылуда. Биыл мектеп оқушылары 80-ге жуық халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауларына қатысты. Бұл болашақ ғалымдарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды сапалы жалғастырудың өзектілігін көрсетеді", – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

2025 жылдың басынан халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 1 564 қазақстандық оқушы 879 жүлде, оның ішінде 171 алтын, 312 күміс және 394 қола медаль иеленді.

Сондай-ақ елімізде халықаралық беделді ғылыми байқауларда жеңіске жеткен оқушылар мен олардың педагогтеріне бір реттік мемлекеттік сыйақы төлеу жүйесі енгізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу