Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан 53-ші әлем чемпионатында әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға қос қазақстандық Зухра Ерназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені өзара сарапқа салды.
Тартысты өткен соңғы бәсекеде Зухра отандасы Александрадан 6:3 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды. Александра Сәдуақасоваға күміс, украиналық Галина Авраменкоға қола медаль бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу