Қазақстандық мерген стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

664

Қазақстандық мерген Зоя Кравченко стенд атудан халықаралық турнирінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық мерген стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

Кипрдің Ларнака қаласында стенд атудан "ISSF President's Cup Shotgun" халықаралық додасы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Зоя Кравченко скит-микс санаты бойынша жұптық додаға қатысты. Аралас жұптық дода бойынша ол франциялық жұбы Эрик Делаунаумен бірге жарыстың қола жүлдегері атанды.  

Айта кетерлігі, әлем кубогінің финалы болып саналатын дүниежүзілік бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу