Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

550

Жарыс Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтті.

Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды Фото: gov.kz

Жарысқа әлемнің 45 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 12 мерген қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ирназарова Фатима "10m running target mixed" жаттығуында алтын медаль иеленіп қана қоймай, жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекордын орнатты. Сондай-ақ ол "10m running target" жаттығуында жасөспірімдер арасында күміс медаль иеленді. Ал, Никита Чирюкин "25m sport pistol" жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, "25m standard pistol" жаттығуында ерлер арасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, Қазақстан әйелдер құрамасы қозғалыстағы нысананы ату бойынша "10m running target" және "10m running target mixed" жаттығуларында 2 алтын медаль жеңіп алды. 

Ирина Алтухова әйелдер арасындағы "50m rifle 3positions" жаттығуының жеке сынақ финалында күміс медаль иеленді. Ирназарова Зухра жасөспірімдер арасындағы "10m running target mixed" жаттығуында қола медальға ие болды.

Құрамында Назиркульев Асадбек, Зотеев Илья және Яковенко Даниил бар Қазақстан ерлер құрамасы қозғалыстағы нысанадан 2 медаль жеңіп алды: "10m running target" жаттығуында ерлер арасында күміс медаль, "10m running target mixed" жаттығуында қола медалге қол жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу