Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде екі медаль еншіледі

725

Атап айтар болсақ, "скит" бойынша Рината Насырова – күміс, Зоя Кравченко қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде екі медаль еншіледі

БАӘ-нің Эль-Айн қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан әйелдер арасындағы ірі халықаралық турнир өтіп, қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Желтоқсанның 04-12 аралығында өткен халықаралық турнирге әлемнің 22 мемлекетінен 115 спортшы қатысты. 

Нысана көздеуден Қазақстан атынан алты мерген қатысып, ең жоғарғы нәтижені Елизавета Король тіркеді. Шымкенттік спортшы винтовкамен нысана көздеуде финалға өтіп, 4-сатыға тұрақтады. 

Нысана көздеуден өзге спортшылардың көрсеткіштері:

1. Малиновская Александра – 5-орын (винтовка)

2. Старостина Виолетта – 8-орын (винтовка)

3. Комендра Юлия – 10-орын (тапанша)

4. Аксенова Ольга – 11-орын (тапанша)

5. Локтионова Ирина – 12-орын (тапанша)

Стенд атудан қазақстандық мергендер жүлделі екі орын жеңіп алды. Атап айтар болсақ, "скит" бойынша Рината Насырова – күміс, Зоя Кравченко қола жүлдегер атанды. Ал "трап" бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко 4-ші, Сәрсенкүл Рысбекова 5-орында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу